Ғалия Шарафиевна Қалдыбаева
Негізгі бет
Фотоальбом
Пікір білдіру
Түлектер
Тіркелу
Жеке мәлімет
Мерейтой өтті!
Сабыр ағай

Бұл сайт Қалдыбаева Ғалия Шарафиевнаның 70 жылдық мерейтойына арнап ашылған.

Біздің апай 70 жаста!



Мерейтой 16 мамыр 2009 жылы болды

Пресс-релиз

16 мамыр күні РФМШ да өткен мерейтой туралы


Республикалық арнайы дарынды балаларға арналған физика-матаематика мектебі Алматы қаласында ірге тасын қалағаннан бері білім-ағарту жүйесіндегі орны ерекше қара шаңырақ. Ғалия Шарафи қызы Қалдыбаева Осы атақты Білім Ордасының діңгегіндей 40 жылға жуық Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғылым үйренуге талапкер талантты жас- өспірімдерге қажымай-талмай математика пәнін дәрістеп келе жатыр. Қалдыбаева Ғ.Ш. апайдан білім нәрімен сусындаған оқушылар халықаралық математика пәндік олимпиадаларда жүлделерге ие болса, түлектері өз білімдерін жер шарының атаулы жоғарғы оқу орындарында дәлелдеп қана қоймай, еліміздің экономикасының өркендеуіне ерен үлестерін қосуда. Сонымен қатар, Ғалия апайдың басшылық етуімен 10 жылдан бері жарық көріп елге танымалы әдістік оқу құралына айналған «Репетитор» журналы шалғай ауылдардағы мектеп оқушылары мен мұғалімдері үшін баға жетпес көмекші, білімге жол сілтер ақылшы.

Аяулы ұстаздың түпсіз тұнық кәусардай ғылым-ілімге жастарды баулудағы еңбегін жоғары бағалап Ел басымыз Нұрсұлтан Әбіш ұлы Алғыс хатын жолдады, әр жылдарда Білім ағарту озаты, Еңбек Ардагері, Аға оқытушы, Қазахстанға Енбек сіңірген қызметкер атақтарына иегер болды.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» - дегендей, 70 жылдық мерей тойын шәкірттерінің ортасында еңбекпен жеңістерге жетумен тойлап отырған мұғалімді қадырлеп еліміздің түкпір-түкпірінен осыдан 30 жылдан астам уақыт бұрын мектеп бітірген түлектерінен бастап әр жылғы шәкірттер жиналып 16 мамыр күні мектеп қабырғасында шеру өткізді. Шәкірттерінің арасында белгілі ғылым қайраткерлері – ғалым доктор, профессорлар, улкен өндіріс басшылары, еңбек қайраткерлері бар, әр саланың маманы бола отыра көптеген түлектер ұстазға деген пікір-тілектерін өздерінің жүректерінен шыққан өлең жолдарымен сахнадан жолдады.

Сонымен қатар, осы бағдарлама барысында Мектеп Директоры Қ Мақышев мырза апайға Ғылым министрлігі жолдаған Алғыс хатты табыс етті, және де Осы тойдың куәгері бола отырып Бостандық аудандық әкімшілігі Ғалия Шарафи кызына ұлағатты ұстаздық еңбегіне алдағы уақыттарда да шығармашылық табыстар тілеп, марапаттау мен мадақтауға толы Алғыс хат табыс етілді.

Қорытынды бюджет

Қаражат түсуі
1978 (1 класс)200000
1980 (2 класс)400000
1982 (1 класс)200000
1984 (Асанова Анардың класы)200000
1984 (Сабалақов Мараттың класы)120000
1987 (3 класс)600000
1990 (Құрманғалиева Нұргүлдің класы)240000
1990 (Жиенбаев Ерұланның класы)160000
1993 (2 класс)400000
1995100000
1997 б класс40000
барлық түсім2660000
Шығын
журнал 500000
шығындар (журналға) 75000 аванс 1987 түлектер есебінен
ресторан 800000 300000
қамзол 60000 60000
жолдама 369000 369000
тамада 200000 110000
журналистер, жеке оператор 195000 75000
қымыз 17500 20000
3 қой 65000
10 кг жая, қазы, сиыр еті 37000
10 кг конфет, 10 кг тоқаш, 26000
15 кг өрік-мейіз 16400
суық фейерверк 7000
салютке 3000
8 кг торт рестораннан алынды 20550
сусын 29040
баннер 8000 8000
қорытынды2 339 090 847000184400
қалдық 320910
тойға келетін қонақ саны
ҒШ 72
1978 9
1980, Нұржан Молдақұловтың класы 9
1980, Руслан Құсаиновтың класы 8
1982 4
1984, 2 класс 8
1987, а классы 15
б классы 12
в классы 7
1990 8
1993 10
1995 2
1997 2
әртістер 5
Барлық қонақ саны 171